Ресей нөмірлі көліктер? Олар Қазақстан аумағында заңсыз жүр – Бас прокуратура

Dalanews 10 нояб. 2021 10:00 886

Бас Прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев ресейлік нөмірлі көліктерге қатысты пікір білдірді.

«Өз басым мен бұл мәселемен айналыспаймын. Сіздер секілді мен де ол жайлы бұқаралық ақпарат құралдарынан ғана біліп отырмын. Білуімше, ІІМ қазір ол іспен айналысып жатыр. Ең қиыны, бұл жерде көліктерді тіркеуде ғана емес, ол көліктердің бір бөлігінің іздеуде жүргендігінде, тіпті біразы есептен шығарылып, бізге тіркелмеген», - деді Әсет Шындалиев мәжілістің кулуарында.

Бас прокуратураның өкілі бұл көліктер – Қазақстанның көліктері емес екенін ескертті.


«Арасында қылмысқа қатыстысы, тіркелмегені, ұрланғаны дейсіз бе – бәрі бар. Оларға нөмір таға салған да жүре берген. Бұл көліктерді теуіп жүргендер тарапынан – бұл заңсыз. Бәріміз де азаматтармыз. Заңға бағынуымыз керек. Егер заң бойынша көлікті тіркеу бізге міндетті болса, тіркеуіміз керек. Сіздің де, біздің де амандығымыз үшін тәртіп солай болуы тиіс», - деді ол.

Дереккөз: qaz.ulysmedia.kz

 

https://dalanews.kz/del-qazir/69750-taksiletip-kun-korip-zhurmiz-resey-no?fbclid=IwAR2r1Th7k205Bee0071bG6xPebwTVpjK1dtmJ4NrH6PTe-1IJMtT41Aq4sg

Рекомендовать
Последние новости