Рефрендум. Экзит-полдың нәтижелері жарияланды

Жарбол Кентұлы 07 окт. 2024 09:55 3418

Рефрендум кезінде «Ел Дауысы» қорының байқаушылары елдің түкпір-түкпірінде дауыс беру нәтижелерін бақылап отырды. Бақылау барысында сайлау комиссияларының жұмысына қатысты жалпы ұйымдастырушылық ескертпелер жасалған. Сонымен қатар қор өкілдері дауыс беру процессін жақсарту үшін ұсыныстарын айтпақшы.  

Жалпы алғанда, республикалық референдум тыныш өтіп, оң динамика байқалған. Сонымен қатар ел азаматтарының  көпшілігі белсенділік танытып, өз таңдауын жасады.

ОСК деректері бойынша, алдын ала қорытынды бойынша сайлауға қатысу 63,87% құрады, яғни шамамен 7,8 млн адам.

Экзит-полдың деректеріне сүйенсек, 69,8% «иә» деп дауыс берген, ал 30,2% қарсы болған. Басқа экзит-пол нәтижелері 72,3% «иә» және 27,7% «жоқ» көрсеткен.

«Ел Дауысы» қоры өкілдері қорытынды нәтижелерін күтіп, комиссиялардың жұмысы мен бақылауға байланысты толық ақпарат пен ұсыныстарды көпшілік назарына ұсынбақшы.


Рекомендовать
Последние новости