Референдум билік пен халық арасына алтын арқау болды

Жарбол Кентұлы 23 июн. 2024 13:18 2532

2022 жылы өткен республикалық рефрендум елімізқ-саяси өміріндегі көптеген алға басушылықтарға себеп болғаны белгілі. Маңызды саяси науқан кезінде Қазақстан халқы негізгі Заңы – Конституциямызға біратар өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бағыт-бағарымызды анықтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған референдум әрбір азаматының құқықтары мен бостандықтарын айқындап, елімізде заң үстемділігі салтанат құрды десек болады. Осы ретте рефрендумға елорда тұрғындары да белсене қатысып, өз таңдауын жасады. Қазіргі таңда Атазаңымызға енгізілген өзгерістердің арқасында ашық қоғам орнап, Әділетті Қазақстанның қазығы қағылды.

Жалпы ел азаматтары бұл рефрендумды көптен күткені анық. Бұған дейінгі референдм сонау 1995 жылы ұйымдастырылған болатын. Ондан бері 27 жыл өтіп, қоғамдық-саяси өмірімізде заманауи үрдістер дендеп енгенін ескерсек, бұл жолғы саяси науқанда ел азаматтары ұзақ күткенін түсінуге болады.

Еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде қордаланған мәселелердің түйінін тарқату үшін Конститутцияның 33 тармағына 56 өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бүгінде Атазаңға енгізілген өзгерістердің арқасында халық пен билік арасындағы қарым-қатынастың жаңа жүйесін қалыптасуда. Түзетулерді енгізу мәні жағынан Қазақстанның жаңа мемлекет моделіне – мемлекет пен қоғам арасындағы өзара құрмет пен сенімге негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастыра бастады.

Ендігі жердің ел дамуына қатысты маңызды мәселелер бойынша азаматтардың пікірін басшылыққа алу айнымас қағаидаға айналды десек болады.

Осы ретте қоғамдық өмірімізде өзекті мәселелер бойынша петицилар пайда болып, халық маңызды шешім қабылдауға қатысатын мүмкіндікке ие болды. Референдум қазақ қоғамына халық билігін қайтарып, билік пен халық арасына алтын арқау болды.


Рекомендовать
Последние новости