Астанада жоғалып кеткен кәсіпкер өлі күйінде табылды

Қаракөз Амантай 01 авг. 2024 10:45 4153

Астанада жоғалған кәсіпкердің денесі Ақмола облысынан табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Астанада жоғалған кәсіпкердің денесі Ақмола облысының Целиноград ауданы аумағынан табылды.

"Астана тұрғынының өліміне байланысты "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс аумақтық жағынан Астана қаласының полиция департаментіне беріледі", - деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.


Рекомендовать
Последние новости