Алматыда азық-түлік өндірісінің индексі 88%-ға дейін өсті

Жарбол Кентұлы 31 июл. 2024 12:30 1992

2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Алматы қаласында тамақ өнеркәсібі өндірісінің өсу қарқыны қалпына келтірілуде, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметі бойынша, азық – түлік өндірісінің индексі биылғы жылдың басынан бастап 84,6%-дан 88%-ға, сусындар 56,9%-дан 87%-ға дейін өсті.

Жалпы, 2024 жылы өңдеу өнеркәсібінің 5% деңгейінде өсуі болжануда. Бұл ретте Алматының өңдеу өнеркәсібінде ең үлкен үлесті автомобиль жасау – 34,8%, тамақ өнімдерін өндіру – 18,3% және сусындар – 5,8% иеленді.

 


Рекомендовать
Последние новости