Құлсарыда су тасқыны кезінде жоғалған әкесі мен ұлы әлі іздестіріліп жатыр

Сағыныш Сардарова 09 апр. 2024 14:55 2227

Атырау облысы Құлсары қаласында су тасқыны кезінде жоғалған әкесі мен ұлы әлі де іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, 6 сәуірде сағат 17:52-де Құлсары қаласы 4-шағынаудан Автодорожник көшесі Grand Hall мейрамханасының қасында орналасқан су басқан үйін қарауға 1976 жылы туған азамат пен оның 2000 жылы туған ұлы барғаны, алайда олардың сол уақыттан бері хабарсыз кеткені жөнінде хабарлама түскен.

Хабарлама түскен бойда құтшарушылар мекен-жайға барған. Үйдің есігі пенамен бекітілгені анықталған.

"Бұл шақырту бойынша 6 сәуірде сағат 20:57-де құтқарушылар, 5 қайық, 1 техника (трэкол) жұмылдырылып, тәулік бойы іздеді. Қазіргі таңда іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, 5 жүзу құралы және 1 техника (трэкол) жұмылдырылды. Іздеу жалғасып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Құлсары қаласында 6 сәуірде су басу салдарынан шақыртулар көп түскен.

Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланған уақыттан 7 сәуірге дейін 26 467 тұрғын, оның ішінде 5976 бала эвакуацияланған.


Рекомендовать
Последние новости