Құлсарыда 3 мыңға жуық үй су астында қалды

Көркем Алдабергенова 09 апр. 2024 09:18 3541

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында 3 мыңға жуық үй су астында қалды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алдын ала болжам бойынша, Құлсары қаласында 2810 тұрғын үй су астында қалды. Бұл Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі келтірген дерек. 

Су тасқының салдарын жоюға 231 бірлік техника, 1198 жеке құрам, 18 бірлік жүзу құралдары, 19 бірлік мотопомпа жұмылдырылды.
 
Атырау облысы Құлсары қаласынан жалпы саны 33 641 адам көшірілді және 201 уақытша орналасу орындары дайындалды.

Жалпы саны 84 қоңырау түсіп, 173 адам құтқарылды, оның ішінде 15 бала. 248 мал басы және 27 үй жануарлары қауіпсіз орындарға көшірілді.


Рекомендовать
Последние новости