Құлсары халқы неге ашынып отыр?

Сағыныш Сардарова 16 мая 2024 12:52 1620

Құлсары қаласында 15 мамырда наразылық басталды. 300-ден аса наразы тұрғын аудандық әкімшілік ғимаратының қасына палатка тікті, - деп хабарлайды Dalanews.kz "Ақ Жайық" басылымына сілтеп.

"Біз талабымыз орындалмаса кетпейміз, тұра береміз. Өйткені барар жеріміз қалмады, сол себептен үйді бағалау қорытындысын тез шығарып берсін",-деп айқалады наразы жұртшылық. 

"Ақша қолға берілсін",  "Үйдің шаршы метрін нарық бағасы 400 мың теңгемен бағалансын" деген ұрандарды қолдарына алып шыққан. Наразы топтар аудандық әкімшілік ғимаратының ішінде, сыртында тұрған. Әскерилер мен полиция наразылық топтарды сырттай бақылаумен болған. Наразы халықтың алдына облыстық мәслихатының төрағасы Муса Хайруллин шықты.

"Мен су тасқыны кезінде сіздермен бір ай бірге болдым. Жоғарғы жаққа талаптарыңызды жеткіздім... Бірақ шаршы метр 400 мың теңге болмайды. Бір сағат ойланып, ақылдасуға мүмкіндік береміз. Сабыр сақтайық", - деді ол.

1,5 сағаттан кейін көпшілік алдына облыс әкімнің орынбасары Жасұлан Бисембиев шықты.  

"Біз ақылдаса келе үйдің шаршы метрін 200-240 мың теңгемен бағалаймыз деп шештік. Қазақстанда баға солай, ағайын, түсініңіздер. Одан артық болмайды. Мәселен, 200 шаршы метр үйіңіз болса, 40 миллион теңге аласыз. Бағалау қорытындысын бастадық, енді осылай жалғаса береді", -деді ол.  

Бірақ оған жиналғандар көнбеді, наразы үнмен шулап қоя берді.

"Бағалау нәтижесін алдым. Үйімді 12 миллион теңгеге бағалапты, оған үй сала да, сатып та ала алмаймын", - деді қала тұрғындарының бірі.

Айта кетейік, көктемгі қарғын судан 2900 адам және жүздеген коммерциялық нысан бүлінген болатын.


Рекомендовать
Последние новости