Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан РеспубликасыПарламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2025 жылғы 27 маусымда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын», – деп жазылған өкім мәтінінде.