Қорғаныс министрлігі тікұшақ апатының себебін атады

Сағыныш Сардарова 09 нояб. 2024 13:37 2841

Қорғаныс министрлігі тікұшақ апатының себебін атады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомство мәліметінше, 9 қарашада Ақтөбе облысы Сарыжар ауылының маңында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде апат жағдайында қонған.

Бортта болған 3 экипаж мүшесінің 2-еуі ауруханаға жеткізілді. Оларға қажет медициналық көмек көрсетілді. Экипаж мүшелерінің бірі қаза тапты.

"Авиациялық оқиғаның алдын-ала себебі - техникалық ақаулық. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жергілікті жерде ведомствоаралық жедел топ жұмыс істеп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Қарулы күштердің басшылығы мен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оның туыстарына, сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық қажет көмек көрсетіледі.


Рекомендовать
Последние новости