Қордайлық полицейлердің жағасынан алғандар кімдер?

Dalanews 07 февр. 2020 16:32 788

Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі Қордай ауданы Масанчи ауылындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Масанчи ауылында жаппай төбелес орын алған. Полиция қақтығысты тоқтатты, жағдай бақылауға алынды» делінген ведомство хабарламасында.

Жамбыл облысы ПД өкілдері азаматтарды ресми мәліметке ғана сенуге шақырып, қауесет пен жалған ақпарат таратпауды сұрады.

Айта кетейік, жалған ақпаратты әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы тарату – қылмыс, оның жазасы үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін баруы мүмкін.


Ал КТК арнасы тілшілері Жамбыл облысы, Қордай ауданында жергілікті тұрғындар тәртіп сақшыларымен жаға жыртысқанын хабарлады.

Бұл жағдай қазір әлеуметтік желіде қызу тақыланып жатыр. Видеода бір топ адам туысын полицейлерге бермеу үшін жанталасқанын байқауға болады. Тіпті құзырлы орын өкілдеріне қол жұмсауға дейін барған. Көпті шулатқан азамат қандай заң бұзушылық жасағаны белгісіз.

Әлеуметтік желіге таралып кеткен көрінстен ырду-дырду болып, жаға жыртысқан жұртты көруге болады. Видеодан, тәртіп сақшылары әлдебір азаматты көлікке мінгізе алмай, әуреге түскені байқалады.  


Ал оны жақындары жібермей, барынша қоғаштап жүр. Тіпті ол үшін құзырлы орын өкіліне қол жұмсауғанын байқауға болады.

«Тапаншаңды шығар, мен атамын» деген азаматтан осылайша тәртіп сақшысы таяқ жеп тынды. Бір емес, бірнеше мәрте соққы алды. Мұнан кейін де жағдай басылмады.

Рекомендовать
Последние новости