Қордайдағы жанжалда 8 адам қайтыс болды

Dalanews 08 февр. 2020 06:55 737

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Орталық коммуникациялар қызметінде  Қордайдағы оқиғаға байланысты брифинг өтті деп хабарлайды Dalanews.kz

Шараға ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қатысты.

Жиында бірінші болып сөз алған ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 7 ақпанда Қордай ауданына қарасты Масанши ауылында төбелес орын алып, жергілікті полиция бөлімшесіне хабар түскенін растады.

– Алғашында төбелеске 70-тей адам қатысқан. Ал Масанши ауылының айналасындағы ауылдардан оқиға орнына тағы да 300-дей адам жиналған. Олар да төбелеске қатысып, жаппай төбелестің нәтижесінде 8 адам қайтыс болды. Жарақат алған адамдардың саны 40-қа жетті.


Төбелес кезінде қару қолданылғаны мәлім болды. Оқиғаны тұрақтандыру үшін қосымша күштер тартылды. Қазіргі таңда жедел топ құрылып, оқиға орнында Бас прокурор мен Ішкі істер министрінің орынбасары жұмыс істеп жатыр, – деді Ішкі істер министрі.

Оның сөзінше арандатушылар болған жағдайды телефонға түсіріп, оны әлеуметтік желілер арқылы таратқан әрі азаматтарды заңсыз әрекетке баруға үндеген. 


Министр бүгінде жедел тергеу тобы құрылып, адам өлімі және бұзақылық фактілері бойынша тергеу жұмыстарының басталғанын мәлім етті.

 

Рекомендовать
Последние новости