Қордайдағы жанжал: қазақ ақсақалына қол көтергендер құрықталды

Dalanews 19 февр. 2020 08:01 774

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев қазіргі уақытта Қордай аймағында болған оқиғаларға қатысты әлі тергеу жүріп жатқанын айтты. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі тұтқындардың нақты санын айта алмайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жақында беріледі мұндай мәлімет. Қордайда жаппай тергеу жүріп жатыр, оны прокурорлар басқарған ведомствоаралық жедел топ қолға алған. Ауқымды жұмыс атқарылуда, өйткені оқиға көлемді (...). Кем дегенде, полиция қызметкерлеріне бағынбай жанжал тудырған үш адам ұсталды, іс сотқа жіберілді.

Осы оқиғаға тағы бір себеп - қарт адамды ұрып-соғу жайы, оған қатыстылар да анықталып, ұсталып, қамауға алынды.


Ал басқа арандатушылар, араға іріткі салушылар туралы сәл кейінірек ақпарат аласыздар, өйткені қазір тергеу жүріп жатыр. Іс жүргізуде дәлелдемелерді шоғырландыру деген бар. Таяу уақытта кім және қандай құқық бұзушылыққа жол берді, одан хабардар ететін боламыз, - деп сендірді Қожаев.

Министрдің орынбасары құқық қорғау органдары тұтқындалғандар туралы ақпаратты жасырмайды, бірақ соттың қанша адамды қамауға бұйырғаны туралы ақпарат бере алмайтындығын айтты.
"Мен бұл ақпаратты дәл қазір бере алмаймын. Біз оны жасырып отырған жоқпыз, қажет әрі дайын болған кезде барлық ақпарат беріледі. Қылмыстық істер көп, күн сайын үсті-үстіне қосылып жатыр. 11 кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жақсы білесіздер, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты, ұрлық, тонау, қарақшылық туралы қылмыстық істер бар, бұл - әртүрлі эпизодтар бойынша 90-ға жуық қылмыстық іс", - деді ол.

Оның айтуынша, қамауға алынғандардың арасында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жоқ.

Қордай оқиғаларына қатысты тергеудің қашан аяқталуына қатысты Қожаев жауап бере алмайтынын айтты.

Оны уақыт көрсетеді. Тергеудің жалпы мерзімін, білесіздер. Қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша - 2 ай. Егер қосымша зерттеулер, қажетті сынамалар тағайындау қажет болса, заңға сәйкес бұл мерзімді ұзартуға болады, - деп сөзін түйіндеді Қожаев.

Рекомендовать
Последние новости