Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесіне «қоқан-лоқы» жасаған кім?

Dalanews 19 февр. 2020 04:33 883

«Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсының төрағасы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Азаматхан Әміртай Фейсбукатағы парақшасында өзіне белгісіз біреулер хабарласып, «саған байланысты компромат бар» деп қоқан-лоқы жасағанын айтты.

Қоғам белсендісі өзінің әлеуметтік желідегі жазбасында былай дейді:

– Кеше түнде (18 ақпан күні) сағат 11:15-те белгісіз номермен біреу маған хабарласты. «Қолымызда саған байланысты компромат бар. Ойлан, отбасың, әйелің, балаларың бар» дегендей үркіте сөйледі. Сондай-ақ, әйелімеде сол кезде белгісіз номерден осы тақылтес хабарлама келді.

Соңғы кезде бір аңғарғаным, белгісіз біреулер соңыма түсіп, не істеп, не қойып жүргенімді есепке алып жүрген секілді.

Бұл не сонда? Қорқыту ма, үркіту ме? Кімге бөгет болдым, кімнің жолын кестім? Түсінбедім.


Мен билікке қарсы бүлік ұйымдастырып жүрген адам емеспін.

Иә, мен қоғам белсендісімін. Табиғат жанашырымын. Еліміздің экологиялық аухалы мен толғандырады.

Сол үшін Жасылдар партиясын құрғым келіп жүргені рас. Сондай-ақ қоғамда орын алып жатқан әділетсіздікке көз жұмып қарай алмаймын. Соған байланысты ойымды ашық түрде әр жерде айтып жүрмін.

Өткендегі Қордайдағы дүрбелеңге арнайы бардым. Көрдім. Оқиғаның неден болғанына көз жеткізуге тырыстым. Ойымды әлеуметтік желіге жаздым. Бәлкім осы тірлігім, өзгеде мәселелер бойынша айтқандарым біреулерге ұнамауы мүмкін. Бұл солардың әркеті болар деген ойдамын.


Мен белгісіз біреулердің отбасымның тыныштығын бұзып, арандатушылық жасауына қарсымын. Мен елімнің патриотымын, арым таза адаммын. Мұндай жасырын түрде қоқан-лоқы жасауға, қорқытып-үркітуге төзбеймін. Кімде болса, ашық алдыма келіп, не көздегені барын айтқаны жөн. Ал, олай болмаса, әңгіме басқа болады. Ешкімнің отбасымда хақысы болуы тиіс емес, – деп «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсының төрағасы өзінің парақшасында жазба қалдырыпты.

 

[caption id="attachment_50567" align="aligncenter" width="578"] ????????????????????????????????????[/caption]

Рекомендовать
Последние новости