«Qolda» жобасы карантин кезінде шағын кәсіпкерлерді қолдау көрсетті

Dalanews 16 сент. 2020 04:27 937

2020 жылы мамыр айының ортасынан бастап «Qolda» шұғыл көмек бағдарламасы жобасын Еуразия Орталық Азия қоры мен «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асырған аясында басталған болатын. Бастама әртүрлі деңгейдегі шағын кәсіпорындар пен жеке кәсіпкерлерге карантин мен ТЖ кезінде көмектесуге бағытталған.

Елімізде коронавирустың зарбадын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде отбасылық компаниялар да тартып отыр. Қазақстан отбасылық бизнес ассоциациясының дерегінше, қазіргі уақытта Қазақстанда тіркелген фирмалардың  70%-дан астамы – отбасылық компаниялар.

Жоба барысында топтық және жеке консультациялар, тренингтер, кездесулер, вебинарлар өткізілді, сонымен қатар бизнеске арналып жеке даму жоспарлары жасалды.

50%-дан астам кәсіпкерлер интернетке көшу мәселелері, карантин мен ТЖ жағдайында жұмыс істеу бойынша хабарласты. 25%  кәсіпкерлер бизнесті жабуды немесе уақытша тоқтатуды жоспарлаған. 95% мемлекет тарапынан ешқандай көмектің жоқтығын, дағдарыс уақытында жұмыс жасауға мүмкіндіктің аз екенін айтты.

99% кәсіпкерлер пандемияға байланысты басталған экономикалық дағдарыстың зардабын тартқан, оларға психологиялық және моральдық көмек қажет болды.

Нәтижесінде 288 жеке даму жоспары жасалды. Онда кәсіпкерлер артық шығынсыз жүзеге асыра алатын дағдарысқа қарсы әрекеттер жинақталған. 2000-ға жуық бизнес бойынша мамандар мен психологтардың  жеке консультациялары өтті. Сонымен қатар, кәсіпкерлік тақырыбында  21 вебинар мен 14 мотивациялық кездесу өтті.


– Процесстерді құру, жоспарлау, ЖДЖ дайындау – «Бизнеске арналған жедел жәрдем» жобасы аясында кәсіпкерлерді алаңдатқан негізгі сұрақтар талқыланды. Жабылудың алдында тұрған компаниялар да біздің көмегімізге жүгініп, кейбір кәсіпкерлер бизнесін сақтап қалуға барынша қолдау көрсеттік. Енді бірқатарларына заңды түрде қызметін тоқтатуға немесе уақытша тоқтатуға қол ұшын создық. Жобамызға қатысқан кәсіпкерлер батыл қадам жасауға қорықпағанын қуандық. Жобаны іске асыру барысында кәсіпкерге қолдау көрсетіп, дұрыс бағыт берудің маңызы зор екенін ұғындық. Тіпті, олардың жаңа ойларын дер кезінде мақұлдаудың өзі де нәтиже береді, – деп атап өтті  Қазақстан отбасылық бизнес ассоциациясының бизнес-процесстер бойынша сарапшысы Татьяна Шпилькова.

Қазақстан отбасылық бизнес ассоциациясының бизнесті дамыту бойынша сарапшысы Аида Қамысова:

– Жоба барысында біздің кәсіпкерлеріміздің ертеңгі күнге қам жасамайтынына көз жеткіздік. Олар «қауіпсіздік жастығын» жасауды ойламайды және бизнеске түскен пайданың барлығын өзінің табысы ретінде көреді. Біздің микробизнес өкілдерінің қаржылық сауаттылығының мүлде төмендігін көрсетеді, – деп білікті маман ойын ортаға салды.  


Нәтижесінде 20% жуық кәсіпкерлер дер кезінде кәсібіне өзгеріс енгізе алды. Канцелярлық тауарлар дүкенінің директоры Айгүл Рахимова «Бизнеске арналған жедел жәрдем» жобасының арқасында кәсібін офлайннан онлайнға көшірді.

– Қазір жалдамалы офистен бас тартып, қойманы ғана қалдырдым. Қазір компанияның барлық қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуде. Біз шығындарды азайтудың арқасында, жағдайды ұтымды пайдаландық деп айта аламын, – дейді Айгүл.

Жоба қорытындысы бойынша бизнестің әртүрлі бағыттары бойынша қызмет көрсететін сарапшылардың бірыңғай базасын жасау туралы шешім қабылданды. Сервис 2020 жылы қазанда іске қосылады. Оны Қазақстан бойынша барлық кәсіпкер пайдалана алады.

Естеріңізге сала кетейік, «Бизнеске арналған жедел жәрдем» жобасына Орталық Азияның Еуразия қоры мен «Шеврон» компаниясымен бірге карантиннің халыққа тигізетін кері әсерін төмендету, қоғамдық және еріктілер ұйымдарын қолдау, БАҚ арқылы халықты ақпараттандыру мақсатында  ұйымдастырылған «Qolda» шұғыл көмек жобасы аясында қаржылай қолдау көрсетуді көздеген болатын.

Рекомендовать
Последние новости