Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (ЭҚСЖҚА, бұрынғы қаржы полициясы) бұрынғы тергеушісі, бір кездері ведомствоның экс-басшысы болған Қайрат Қожамжаровтың командасында жұмыс істеген Жандос Әріп "Қорғас ісінің" материалдарын қолдан жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz Elmedia телеграм арнасына сілтеме жасап.
"Бүгін "кезекті Қожамжаровқа" қатысты шығарылған үкім белгілі болды. Қаржы полициясының бұрынғы тергеушісі Жандос Әріп (суретте сол жақта) “Қорғас ісіне”, анығында оның “ашылуына” қатысты құжаттарды қолдан жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл істі біз “Хоргос” жаңа ашылып жатқан кезде-ақ көтергенбіз.
Қысқаша айтқанда, 2011–2012 жылдары Әріп ЭҚСЖҚА-ға қызметке жаңадан қабылданғаннан кейін аз уақыт өтпей жатып, ҰҚК-нің жоғары лауазымды қызметкерлері — Талғат Жақаев пен Ерлан Әбдірахмановты қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болатын дәлелдемелерді жинаумен шұғыл айналысты. Тергеуші, үлкен ықтималдықпен, басшылықтың (Мақсат Дүйсеновтің) тікелей тапсырмасын орындап, Алматыдағы мейрамханалардың бірінде түсірілген бейнежазбаларды қолдан жасап, онда ұйымдасқан топтың “жетекшісі”, сыртқы экономикалық қызметпен айналысқан кәсіпкер Талғат Қайырбаевтың комитет қызметкерлерімен кездесті деп көрсеткен", — делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.
Алайда "бейнежазбада мүлде басқа адамдар болғаны анықталды, оны өздері де растады".
"Сонымен қатар биллинг деректері мен іссапар құжаттарына сәйкес, ол кезде Жақаев пен Әбдірахманов Алматыда болмаған. Соған қарамастан, қаржы полицейлері әшкерелеуге қарамай, өз ұстанымынан бас тартпады. “Контрабандашылардың ҰҚК қызметкерлерімен байланысы бар” деген ақпарат президент Назарбаевқа дейін жеткізіліп, БАҚ-қа таратылды. Атап айтқанда, “Бендицкий сағаты” бағдарламасында дәл осы бейнекадрлар көрсетіліп, ондағы адамдардың комитетшілер екені айтылды. Сол факт ҰҚК офицерлерін ұстау және қамауға алу үшін негіз болды — олар “ҚТБ кездесуінде” басты контрабандашыға қандай-да бір құпия мәліметтерді берген-мыс.
Бұдан бөлек, Жақаев пен Абдрахманов ол жерде болмағаны белгілі болғаннан кейін де, соттар тергеу органдарының өтініштері бойынша олардың қамауда ұстау мерзімін қайта-қайта ұзартты. Бұл процесті сол кезде қаржы полициясының тергеу департаментін басқарған, ал бүгінде әлі де Алматы прокурорының орынбасары болып отырған Нұрлан Ауғанбаев тікелей қадағалады", — деп жазады басылым.
Elmedia-ның мәліметінше, 2023 жылы Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуді бастаған, ал іс биыл жылдың басында сотқа жеткен.
"Алайда №2 Медеу аудандық сотының судьясы Жомарт Мұхамбетжан алдын ала тыңдаулардың өзінде-ақ “өкілеттіктердің өрескел процессуалдық бұзылуына” қатысты қорғау тарапының өтінішін күмәнді түрде жылдам қолдап, істі қосымша тергеуге прокуратураға қайтарып жіберді. Кейін іс тамыз айында қайтадан сотқа, әрі тағы да сол Мұхамбетжанға түсті - және бүгін ол айыптау үкімін шығарды. Айта кетейік, Жандос Арып нақты жаза алмады - іс рақымшылық мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылды", - делінген хабарламада.
Сонымен бірге басылымның жазуынша, "бұл жерде ең маңыздысы — үкімнің өзі", өйткені ол "Хоргос ісін" қайта қарауға тағы бір құқықтық мүмкіндік береді".
"Тағы бір мүмкіндік дейтініміз — бұған дейін осы іске қатысы бар Әріптің басқа да бұрынғы әріптестері дәлелдемелерді қолдан жасау және фигуранттарға азап көрсету фактілері үшін сотталған болатын. Бұдан бөлек, тізбек баяу болса да, “Қорғастың” басты бенефициарына — сол кездегі ЭҚСЖҚА төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қарай жетелеп барады.
Сондықтан біз көктемде болжағанымыздай, Әріптің ісі (қаржы полициясының погоны бар тағы бірқатар “әріптестерінің” істері сияқты) соттарда әзірге белгісіз “қожамжаровшылардың” көмегімен тежеліп келді. Жалпы, бүгінгі үкімді жылдар бойы әділдік іздегендер үшін жаман емес жаңа жылдық сыйлық деуге болады", — деп қорытындылайды журналистер.
