Қожаев Құлсары мен Оралдағы митингіге қатысты пікір білдірді

Қаракөз Амантай 22 мая 2024 14:57 2384

ҚР Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев Құлсарыдағы митингке байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол митинг барысында адамдарға күш көрсетілмегенін және қамауға алынбағанын жеткізді.

"Бүгін Құлсарыдағы алаңнан адамдар үйді-үйіне тарады. Менің түсінгенім бойынша, конструктивті келісімге келді. Құлсары мен Орал қаласында да қандай да бір адам қамауға алынып, өтемақы туралы талап қойған адамдардың ешқайсысы ұсталмады", - деді мәжіліс қулуарында Қожаев.

"Ақ Жайық" басылымының хабарлауынша, митингіге шыққандар алаңнан өз еркімен кетіп қалған.

Еске салайық, бұған дейін Құлсары мен Орал тұрғындары биліктен суға кеткен үйлерінің өтемақысын беруді талап еткен.


Рекомендовать
Последние новости