Қытайтану апталығы өтті

Dalanews 05 июн. 2017 10:37 739

Қаһарлы қыстың соңғы айының алғашқы күні,  Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ – нің Қытайтану кафедрасы ұжымының ұйымдастыруымен « Қытайтану апталығы»-ның ашылу салтанаты өтті.Айтулы үлкен іс – шараның ашылуына Қытайдың Алматы қаласындағы Бас Консулы, кешіміздің құрметті қонағы Чжанг Вэй мырза, Конфуций институтының  оқытушылары, Алматы қаласындағы Қытай тілдер институтының деканы, ҚазҰУ – нің Қытайтану кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты.Бас Консул Чжанг Вэй мырза өз сөзінде былай деді : « Әлемдегі ең күрделі, әрі, ең көп халық сөйлейтін тіл – қытай тілі.Қазіргі уақытта қытай тілінде сөйлейтін адамдардың саны 1 млрд 600 млн-нан асады. ҚР мен ҚХР арасында сауда – экономикалық, инвестициялық, қаржы – несиелік, білім және ғылым, мәдениет саласындағы келісімдердің артуы – екі ел қарым – қатынасының одан әрі нығаюының көрінісі екендігін айтты.Ал, осы салалар бойынша білікті мамандар даярлап шығу үшін, университетімідегі студенттерге Қытайға барып білім алуына, қытай және қазақ студенттерінің тәжірибе алмасып оқуына қолынан келгенше көмегін беретінін айтып бізді бір қуантты.Болашақ қытайтанушы ретінде, біз тек қана қытай тілін жетік меңгеріп қана қоймай, қытай елінің тарихын, мәдениетін, салт – дәстүрін, саясатын білуіміз қажет. Ал, осындай іс – шаралар Қытайды жаңа бір қырынан танып білуге мүмкіндік береді.Апталықтың ашылуында біздің студенттер жан – жақты екендігін тағы да бір дәлелдеді. Студенттеріміздің бірі қытай тілінде ән шырқаса, бірі қазақтың қара домбырасымен күңбірлете күйін ойнап, сыйлы қонақтарымызды бір риза қылды.

 

Доспаев Әлен,  Шығыстану факультетінің 4 курс студенті

Нұртәліп  Шарыпқазы, Шығыстану факультетінің оқытушысы

Рекомендовать
Последние новости