«Қытай елінің дәмдері» атты шеберлік-сынып  өткізді

Dalanews 02 дек. 2016 15:33 943

Қытай асханасы – қытай  мәдениетінің құрамдас бөлігі  болып табылады. Бұл асхананың үш мың жылдан астам тарихы бар. Бағы замандардан-ақ  Қытай патшалығының тұрғындары тағамды дәмді әрі тез дайындауды шебер меңгерген.  Өз кезінде қытайдың ұлы ойшылы Конфуций қытайлардың дәстүрлі тағам дайындауын жеке бір өнер ретінде қабылдауға негіз қалаған екен. Қытай ұлтының пайымынша, дұрыс даярланған тағам денсаулықтың кепілі деп есептелінген. Ал тағаммен қоса жақсылап қайнатылған хош иісті шәй мен үйлесімді тоқбасарлар кез келген аурудың емі болып саналған.  Қытай мәдениетінің бөлінбес бөлшегі саналған – асхана мәдениетімен, ас мәзірімен, шәй салтанатымен көпшілікті таныстыру мақсатында 2016 жылдың қараша айының отызышы жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық  Университеті Шығыстану факультеті қытайтану  кафедрасының магистранттарының ұйымдастырып отырған «Айналаңды нұрландыр!» Іс-шараға жобасы аясында  қытай тағамдарын дайындаудан шеберлі-сынып өткізді.  Іс-шараға  қонақ ретінде шақырылған Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қытай тілі мұғалімдері, Халық Шаруашылығы университеті лингвистикалық орталығының қытай тілі мұғалімдері, Д.Қонаев атындағы Қазақ гуманитарлық университеті қытай тілі мұғалімдері, Жүргенов атындағы Өнер академиясының мұғалімдері, Алматы көлік және транспорт колледжінің  шет тілі мұғалімдері мен студенттері қатысып, біздің магистранттардың өнері мен терең біліміне тәнті болды.

«Аударма ісі» және «Аймақтану» мамандықтарының 1 курс магистранттары Кәмәлбек Айна, Мұқатай Клара, Қанат Гүлнар, Мәжит Мерей  қытай тағамдарының тарихы мен дайындалу  әдістерімен таныстырып өтіп,  сол тағамдардың шығу тарихына байланысты  қызықты оқиғалар туралы  шағын қойылымдар көрсетті. Ал  «Шығыстану», «Шетел филологи» Сағынбек Маржан, Жеңісбаева Меруерт 1 магистранттары шәй салтанатына байланысты тың ақпарттарымен  жиылған қауымның назарын баурап алды.

52670758138318764Біздің көңілге қуаныш ұялатқан басты нәрсе – сайыс  барысында  магистранттар өздері оқып отырған  қытай тілін ғана емес, қытайдың сан-салалы мәдениеті мен тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін де терең меңгергені еді.  Әсіресе «Аударма ісі»  мамандығының 1 курс магистранты Мұқатай Клара, Қанат Гүлнар және «Аймақтану» мамандығының 1 курс магистранты Кәмәлбек Айна  шеберлік-сынп барысында өз қолдарымен жасап көрсеткен - «Гуңбао Цицзин» және «Қытай тұшпарасы»  «Дапанцзи» атты қытай тағамдары  өзешелігімен, шынайылығымен  қонақтарды тәнті етті көпшілікті тәнті етті.  Магистранттар сонымен бірге Қытайдың әр бөлігінің өзіне тән салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, қытай ұлтының тамақ әзірлеу жағынан да өзіндік айырмашылықтары турасында қызықты ақпараттармен қалың жұртшылықты таныстырып отырды. Қытайдың оңтүстік және  солтүстік асханаларының өзіндік  айшықтары, олардың ішінде де жиырма шақты салаға жіктелетіні турасында тың мағлұматтар беріп отырды. Қытай  аспазшыларына ортақ ережелер туралы және әр асхананың дайындау әдістеріндегі түрлі тарихи оқиғалар туралы да баяндап өтті.  Қытайлардың астың тек дәмді әрі көремділігімен ғана шектелмей, міндетті түрде денсаулыққа пайдасы, емдік қасиеттеріне де ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Іс-шара барысында «Аспан астының хош иісті тағамдары» атты деректі фильм көрсетілді және қытай ұлтының әндері мен билері орындалған шағын концерт қойылды. Іс-шараға келген  қонақтар  Ежелгi Қытайдың мәдениетiн, даналығын, пәлсапасы мен рухын бейне­лейтiн  тағамдарының дайындалу әдістері туралы құнды мағлұматтар алды. Іс-шараға келген қонақтар арасында тұшрара түю сайысы өткізіліп жиылған жұртшылық бір серпіліп қалды. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қытай тілі орталығының доценті  Фарида Оразақын және Т.Рысқұлов атындағы  Халық Шаруашылығы университеті лингвистикалық орталығының қытай тілі оқытушысы Р.Тлешбаева, Өнер академиясының өнертану кафедрасының  оқытушысы Г.Қосанова осы іс–шараны болашақта университеттер арасындағы байланысты нығайта түсетін баспалдақ деп атап өтті. Іс-шараға келген қонақтар магистранттардың өздері дайындаған тағамдардан ауыз тиді. Шеберлік-сынып соңында  шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының меңгерушісі Н.Мұқаметханұлы   мұндай шеберлік-сыныптар  кафедрамызда ұдайы өтіп тұратын дәстүрге айналғандығы туралы мақтанышпен атап өтті.

Өнері мен білім деңгеймен алыс жақын шетелден келген қонақтарды таң қалдырған  шәкірттерміз  үшін үлкен мақтаныш сезімге ие болған ұстаздар қауымы өз қуаныштарын жасыра алмады.  Әлемдегі ең қиын тілдердің бірі боп саналатын – қысқа мерзім ішінде терең меңгерген студенттеріміздің  бағындырар биігі әлі алда деп сенеміз.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi  Шығыстан факультеті қытайтану кафедрасының оқытушылары А.КЕНЖЕБАЕВА, А. НУРЖАЕВА

 

Рекомендовать
Последние новости