Қырғыз президенті: «Кетуге дайынмын!»

Dalanews 11 окт. 2020 03:59 840

Қырғызстан президенті Сауранбай Жиенбеков «елі заң жолына түскенде» қызметінен кетуге дайын екенін жеткізді. Оның мәлімдесі президенттің ресми сайтында жарияланды.

– Жағдайды реттеу үшін біз келесі қадамдарға баруымыз керек. Жогорку Кеңешке өткен сайлау нәтижесін жою керек. Жаңадан парламент сайлауының уақытын белгілеуіміз керек. Бұған қатысты шешімді ОСК қабылдайды, – деді президент.

Ол сонымен бірге қазіргі үкімет басшысы мен мүшелерін отставкаға жіберу керек деді.

– Жаңа премьер-министрді тағайындап, үкімет құрамын жасақтауды заңды ету үшін Жогорку Кеңештің қаулысы мен президент жарлығы керек. Мен тиісті жарлыққа қол қоюға дайынмын. Жогорку Кеңештің қаулысын күтемін, – деді мемлекет басшысы.


Ол Жогорку Кеңеш депутаттары міндетін атқару үшін құқық қорғау органдарының өкілдері олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс деп атап өтті.

– Мен үшін мемлекет тұтастығынан, халық бірлігінен және қоғам тыныштығынан артық лауазым жоқ. Бізге барынша тездетіп заң жолына түсуіміз керек. Атқарушы биліктің заңды жетекшілері бекітілгеннен кейін, мен Қырғызстан президенті қызметімнен кетуге дайынмын, – деді Сауранбай Жиенбеков.


5 қазанда парламент сайлауының нәтижесі жарияланғаннан кейін Қырғызстанда жаппай наразылық шарасы басталды. Парламентке өтпей қалған оппозициялық партиялардың лидерлері мен жақтастары митингке шықты. Олар әкімшілік ғимараттарды басып алып, түрмеде отырған бірқатар саясаткерлерді босатты. 6 қазанда Орталық сайлак комиссиясы сайлау нәтижесінің күшін жойды.

Қырғызстандағы бірқатар саяси күштер президентке импичмент жариялау мәселесін көтеріп жатыр.

Рекомендовать
Последние новости