Егде адамды соққыға жыққан әкімнің ұлының үстінен іс қозғалды

Dalanews 11 окт. 2020 03:46 853

Ташкентте Алмалық қаласы әкімі Усмон Рахимовтың ұлы Дилшод Исмаиловқа қатысты тергеу ісі қайта басталды. Жергілікті БАҚ бас прокуратурға сілтеме жасап, әкімнің ұлы 56 жастағы ер адамды соққыға жыққан.

Бас прокуратура мәліметінше, әкімнің ұлына қарсы қозғалған қылмыстық іс пандемияға байланысты уақытша тоқтап қалған. 29 қыркүйекте тергеуді қайта бастаған.

Алмалық қаласының әкімі Усмон Рахимовтың ұлы Дилшод Исмоилов биыл 28 мамырда жанындағы үш жолдасымен 56 жастағы ер адам мен 30 жастағы ұлын ұрып-соққан.


Осының алдында әкімнің ұлы Ташкент көшесімен көлігімен сағатына 150 шақырым жылдамдықпен жүргені айтылып, видеосы әлеуметтік желіге жарияланған. Оған айыппұл салынған.

Рекомендовать
Последние новости