Коронавирус жоқ елде маска тақпаса, мақта тергізеді

Dalanews 12 окт. 2020 04:40 950

Коронавирус жұқтырғандар ресми анықталмады деп мәлімдеп келе жатқан Түркіменстанда полиция көшеде маскасыз жүргендерді ұстап, айыппұл салып, төлей алмағандарды мақта алқабына шығаруда.

 – Мары қаласында полиция өкілдері аялдамада маскасыз тұрғандарды ұстап, бөлімшеге алып кетіп жатыр. Маска тақпағандарға 51 манат айыппұл салып жатыр. Айыппұл төлегендерге қолдарына чек берілмеген. Ол ақшаны полиция қызметкерлері өздері алады, – дейді тілші.

Егер айыппұл төлеуге ақшасы болмаса, мақта теруге жібереді екен.

Тілшінің айтуынша, олардың әрқайсысына 40 келіден мақта теруді міндеттейді.


«Осылайша мақта алаңында ондаған адам мәжбүрлі түрде жұмыс істеп жатыр. Оларды құл ретінде көреді. Оларға тіптен су ішуге де рұқсат бермейді» дейді аймақтағы тілші.

Рекомендовать
Последние новости