Қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері көмек көрсетті

Dalanews 15 мар. 2020 06:08 959

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі Департаментіне қарасты ОВ-156/17 Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері ауыл қарияларына көшкін судың алдын-алу шаралары аясында волонтерлік көмек көрсетті.

Қыс айы, қары қалың, қатал мінезін қыс танытуда. Әсіресе Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Жанғызтөбе ауылының қысы ерекше.

Өйткені аты әйгілі Байбұра желді өзек тура осы Жаңғызтөбе ауылының үстінен үскірік жел, қалың қарымен тұрғындардың қыс айларында ес-ақыдарын шығарады.

Қыстың көзі қырауда жалғыз басты қарияларға өте қиын. Үйге кіріп-шығудың өзі мұң болады. Биылғы 2020 жыл қарапайым халық үшін Президентіміз өзінің халыққа деген жолдауында жалпы Қазақстан бойынша волонтерлік еріктілер ұйымын көтеріп, халыққа қолдау жасауда.

Әрине Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі Департаментіне қарасты ОВ-156/17 мекеме қызметкерлеріде бұл бастамаға белсене үлес қосуда.

Жуық арада мекеме қызметкерлері өз еріктерімен қариялар С.Азубаевқа және Б.Азубаеваларға көмек көрсетті. Қариялар тән риза болып, алғыстарын айтты. Мекеме қызметкерлері келешекте де өз еріктерімен тұрмысы ауыр тұрғындарға волонтерлік көмек көрсетуге әрдайым қол ұшын беруге дайын екендерін айтты.

 

Нұрлан Сағандыков, ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/17 мекеме бастығы, әділет подполковнигі

Рекомендовать
Последние новости