ҚазҰТЗУ ғалымы марганец-хором араласқан құйма алудың тың технологиясын тапты

Dalanews 15 нояб. 2016 04:03 1642

Қ.И.Сәтбаева атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті ғалымдары өндірістік қалдықтан марганец-хором араласқан жаңа құйма алудың тың технологиясын тапты деп, хабарлайды «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ның Қоғаммен байланыс бөлімі.

Ғылыми жолмен жаңа құйманы алу ісіне ҚазҰТЗУ-дің техника ғылымдарының докторы С.М.Тілеуғабылов жетекшілік жасаған. Олардың ойлап тапқан жаңалығы еліміздегі металургия комбинаттарының аумағында тау болып үйіліп жатқан өнідірістік қалдықтарды кәдеге жаратып, мол пайда табуға жол ашады. Қазіргі таңда Жезқазғандағы өндіріс ошақтарында миллион тоннаға өндірістік қалдық жинақталған. Өндірістік қалдықтарды өңдеп, олардан жаңа металл құймаларын алу экономикалық, экологиялық тұрғыдан маңызды болып тұр.

Жаңа технология металл өнімдер өнідіруде шығын шығармай ферромарганец пен феррохром алуға мүмкіндік туғызып отыр. Мамандар жаңа технологияны бүгінгі қолданыстағы дәстүрлі технологиямен салыстырғанда тиімділігі 200% құрайтынын айтып, өз бағасын беріп үлгерді. Енді тың технологиясын өндіріске енгізіп, пайдасын көруіміз керек.

«ҰҒТАО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.  

Рекомендовать
Последние новости