Қазығұрт ауданында жыл басынан бері 668 мәдени іс-шара ұйымдастырылған

Dalanews 28 нояб. 2018 16:40 1010

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазығұрт ауданында әлеуметтік маңызы бар және мәдени бірқатар іс-шаралар жоспарланып, ағымдағы жылдың  10 айында 668 іс-шара ұйымдастырылған.

2018 жылы халыққа ақылы мәдени қызмет көрсетуге 2 млн. теңге жоспарланып,  қазіргі таңда 10 айға 1 млн. 450 мың теңгеге, яғни 73%-ға    орындалып отыр.

«Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Қасиетті Қазақстан» базалық бағытында аудандағы тарихи-мәдени ескерткіштер, киелі жерлер, қасиетті орындарды жинақтау, зерделеу, насихаттау, таныстыру мақсатында облыстық мәдениет басқармасымен біргелікте жұмыстар жүргізіліп,  аудан  бойынша 9  қасиетті киелі орындар  (1 сәулеттік ескерткіш, 2 зиярат ету орындары, 6 табиғи-ландшафтты нысандар) ұсынылды.

Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазығұрт тауы» жобасы жүзеге асырылады. Бұл тауда туристік инфрақұрылымдар қарастырылып, киелі, қасиетті орындарды аяқасты етпеу жақтары мұқият ескерілген. Ал Отырар қалашығы мен Арыстанбаб кесенесін байланыстыратын ежелгі жол қайта жаңғыртылып, оның бойына ұлттық қолөнершілердің шеберханалары бой түзеді.

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости