Қазатомөнеркәсіп AIX биржасына 200 млн долларға 2 мың дана облигация шығарды

Кәмшат Тілеухан 02 дек. 2024 15:16 834

"Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ AIX биржасының ресми тізімінің Main алаңына 200 млн доллардың 2000 дана облигациясын шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Компания облигацияларын 2024 жылғы 27 қарашада қабылданып, 2 желтоқсанда күшіне енген AIX листингтік комиссиясының шешімі негізінде биржаға орналастырды.

Қазатомөнеркәсіп пен "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ арасында облигацияларды "Сатып алушы" ретінде сатып алу-сатудың атаулы мәмілесін жасау арқылы ұйымдастырылмаған AIX бағалы қағаздар нарығында орналастыру мынадай негізгі шарттарда күтіледі:

  • Облигация түрі: кепілсіз купондық облигациялар.
  • Облигациялар саны: 2000 (екі мың) дана.
  • Купондық мөлшерлеме: SOFR+1%.
  • Бір облигацияның номиналды құны және номиналды құнының валютасы: 100 000 (жүз мың) АҚШ доллары.
  • Облигациялар шығарылымының жалпы көлемі: 200 000 000 (екі жүз миллион) АҚШ доллары.
  • Облигациялардың айналым мерзімі: 36 (отыз алты) ай (02 желтоқсан 2024 - 02 желтоқсан 2027).

Осы облигациялар шығарылымының мақсаты - айналым капиталын толықтыру.

Айта кетсек, Halyk Finance "Қазатомөнеркәсіп" акциялары бойынша бұрынғы ұсынымын сол күйінде өзгеріссіз қалдырып отыр. Сонымен:

  • Мақсатты баға (12 айдағы): 22 822 теңге;
  • Өсім потенциалы: +14%;
  • Қазіргі бағасы: 20 000 теңге.

Рекомендовать
Последние новости