«Керуен Медиаға» қатысты оқиға тексерілуде

Жарбол Кентұлы 28 нояб. 2024 12:36 1610

ҚР Ішкі істер министрлігі еліміздегі ақпарат құралдарының сұрауы бойынша «Керуен Медиаға» қатысты оқиғаның тексеріліп жатқаны мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кеше «Керуен Медиа» ЖШС-не қатысты оқиға бойынша ҚР Ішкі істер министрлігі тергеу амалдарын бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық ықтимал нұсқалары, оның ішінде техникалық ақаулар мен жабдықтың жұмысына сырттан заңсыз араласу мүмкіндігі де қарастырылуда. Қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайлар анықталуда. Заңсыз әрекетке барғандар жауапқа тартылатын болады.

ІІМ заң және тәртіп қағидатын мүлтіксіз орындау бойынша жұмысты жалғастыруда.


Рекомендовать
Последние новости