Таразда прокуратура қызметкері қылмыс үстінен ұсталды

Кәмшат Тілеухан 23 нояб. 2024 18:17 2022

Алдымен бүгін әлеуметтік желіде Тараз көшелерінің бірінде жүргізілген ұстау операциясының видеосы тарады. Видео сипаттамасында облыстық прокуратура қызметкері ұсталып жатқаны, оның ақшаға көші-қон мәселесін шешпек болғаны туралы жазылған. Кешке қарай Бас прокуратура осы оқиғаға қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"2023 жылғы 23 қарашада Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаменті мен Жамбыл облысының прокуратурасы, Жамбыл облысы бойынша ҰКК қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде прокуратура қызметкері алаяқтық күдігімен ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп тексеру Бас прокуратураның арнайы прокурорымен жүргізілуде", делінген ҚР Бас прокуратурасы баспасөз хабарламасында.

Тергеу мүддесінде сай басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетсек, бұған дейін Петропавлда ұйымдасқан қылмыстық топтарға қамқорлық жасады деген күдікпен облыстық полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары ұсталғаны белгілі болды.


Рекомендовать
Последние новости