Петропавлда ұйымдасқан қылмыстық топтарға қамқорлық жасады деген күдікпен облыстық полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz sm1.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, ұсталған азамат бұрынғы орган қызметкері болып табылады. Ол 2024 жылдың 20 қарашасында СҚО ПД ҰҚКБ бастығының орынбасары қызметінен босатылған.
Бұрынғы құқық қорғау қызметкері пара алу және ұйымдасқан қылмыстық топтарға қамқорлық жасау деректері бойынша күдікке ілінген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Құзырлы органдар оқиғаға қатысты толық ақпаратты тергеу аяқталғаннан кейін жариялайтынын мәлімдеді.