Алматыда метро басшылығының заңсыз әрекетінен 11 кәсіпкер зардап шекті

Қаракөз Амантай 22 нояб. 2024 10:53 337

Алматыда метро басшылығы кәсіпкерлермен заңсыз келісім жасаған. Нәтижесінде, 11 кәсіпкердің зардап шекккені белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Көлік прокуратурасы «Метрополитен» ШЖҚ КМК қызметін талдау барысында кәсіпкерлердің құқығына нұқсан келтіретін заңбұзушылықтарды анықтады.

"Метрополитен басшылығы салық шығындарын сауда алаңдарын жалға алушылар есебінен өтеуге шешім қабылдап, ол үшін оларды қосымша келісімдер жасауға мәжбүрлеген. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша салық төлемдерін жабу бөлігіндегі заңсыз талаптар келісімдерден алынып тасталды, ал кәсіпкерлерге 12,5 млн теңге қайтарылды", – делінген прокуратура хабарламасында.


Рекомендовать
Последние новости