Солтүстікте 45 ауыл таратылмақ

Сағыныш Сардарова 19 нояб. 2024 17:45 211

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен облыстық мәслихат халық саны 50 адамнан кем 45 ауылды тарату туралы қаулының бірлескен жобасын жариялады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Құжатта бұл ресурстарды басқаруды оңтайландыруға және аймақтың ірі елді мекендерінің тұрғындары үшін жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретіні айтылады.

Мәселен, Аққайың ауданы: Лесные Поляны (Полтава ауылдық округі); Сенное (Власовка ауылдық округі; Үлгі (Иваново ауылдық округі).

Есіл ауданы бойынша:

  • Калиновка (Амангелді ауылдық округі);
  • Славянка (Заградов ауылдық округі);
  • Алқа (Қараағаш ауылына қосылған, Заречный ауылдық округі);
  • Гурьяновка (Чириковка ауылына қосылған, Заречный ауылдық округі);
  • Жекекөл (Петровка ауылына қосылған, Петровский ауылдық округі);
  • Оседлое (Петровка ауылына қосылған, Петровский ауылдық округі);
  • Тамамбай (Бесқұдық ауылына қосылған, Бесқұдық ауылдық округі);
  • Новоузенка (Леонидовка ауылына қосылған, Корнеевский ауылдық округі).

Жамбыл ауданы бойынша:

  • Суаткөл (Жамбыл ауылына қосылған, Жамбыл ауылдық округі);
  • Амангелді (Жамбыл ауылына қосылған, Жамбыл ауылдық округі);
  • Рождественка (Мирное ауылына қосылған, Мирный ауылдық округі);
  • Богдановка (Благовещенка ауылына қосылған, Благовещенский ауылдық округі);
  • Орталық (Троицкое ауылына қосылған, Троицкий ауылдық округі);
  • Ястребинка (Пресноредуть ауылына қосылған, Пресноредутский ауылдық округі).

Айта кетейік, құжат 27 қарашаға дейін көпшілік талқылауында болады.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша елімізде 6208 ауылдық елді мекен бар. Кейінгі 5 жылда ауылдар саны 6341-ден 6208-ге дейін, яғни 133 ауылға азайды.


Рекомендовать
Последние новости