"Қазақстанның құрметті азаматы" атағы 100 мың теңгеге сатылады - депутат

Көркем Алдабергенова 14 февр. 2024 12:54 3742

Депутат Аманжол Әлтай мән-мағынасы жоқ орден-медальдары, жалған атақтар қаптап кеткенін айтты,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәжіліс депутаты мұндай үрдіс ешкімге де абырой әпермейді, керісінше адамды даңғойлыққа, жеңіл атаққұмарлыққа итермелейтінін айтады. 

"Мысалы, сіз 50 мың теңгеге пысықай ұйымның атынан "Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері" медаліне, ал 100 мың теңгеге "Қазақстанның құрметті азаматы" атағына ие боласыз.

Сан ғасырлық елдік тарихымызда "Ұлт ұстазы" деп халық ұсынған сәулелі сөзді қастерлеп Ахмет Байтұрсынұлына ғана қолданатын едік, қазір "Ұлт ұстазы" деген атақты бар болғаны 10 мың теңгеге сатып ала саласыз. Академик дегенде көз алдымызға Қаныш Сәтбаев секілді ғұлама ғалымдар елестеуші еді, қазір 200 мың теге беріп қаптаған түсініксіз академиялардың жалған академикгі бола саласыз", - дейді депутат. 

Аманжол Әлтай бұл құрметтеу емес қорлау, жұртты алаөкпе қылатын,өте қауіпті әрі қоғамды бүлдіретін үрдіс екенін атап өтті. 

"Осы ретте, әділетті келешекке қадам басқымыз келсе, сатылатын мәнсіз марапаттардан қоғамды сақтандыру маңызды. Мемлекеттік рәміздерімізді ретсіз қолданып, жалған атақтар мен құнсыз сөлкебайларды сатып пайда тапқыш пысықайлардың  әрекеттеріне құқықтық негізде тыйым салу керек", - дейді Аманжол Әлтай. 

 


Рекомендовать
Последние новости