Қазақстанның жер қойнауында қанша табиғи ресурстар қоры бар

Кәмшат Тілеухан 12 дек. 2024 10:11 609

2024 жылғы геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша құрамында минералды қоры мен ресурстары бар 17 кен орны мемлекеттік тіркеуге алынды, деп хабарлайды Dalanews.kz Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан перспективалы аумақтарды зерделеу және геология саласына инвестиция тарту бойынша шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтіп келеді. Бүгінгі таңда минералды-шикізат базасы қатты пайдалы қазбалардың 987 кен орнын қамтиды және оларды барлау динамикасы оң күйінде қалып отыр. 

2024 жылғы геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша құрамында минералды қоры мен ресурстары бар 17 кен орны мемлекеттік тіркеуге алынды:

  • алтын – қоры 107,5 тонна, ресурстары 337,04 тонна,

  • күміс – қоры 1904,5 тонна, ресурстары 172087,2 тонна,

  • мыс – қоры 4916,7 мың тонна, ресурстары 7796,9 мың тонна,

  • мырыш – қоры 2549,6 мың тонна, ресурстары 338,9 мың тонна,

  • темір кендері – қоры 128 млн тонна, ресурстары 162 млн тонна,

  • қорғасын – қоры 1319,5 мың тонна, ресурстары 64,1 мың тонна,

  • вольфрам – қоры 409,9 мың тонна, ресурстары 743 мың тонна,

  • хром – ресурстары 464,1 мың тонна,

  • молибден – қоры 14 т, ресурстары 39 тонна,

  • марганец – қоры 794 мың тонна, ресурстары 1137,3 мың тонна.

Сондай-ақ биыл алғаш рет көмірсутек шикізатының 6 кен орны  мемлекеттік есепке  қойылды: Долинное, Жыланды, Бала-Үрпек, Дарбазин топтық су құбыры, Торғай Палеозой және Королевское.

Сирек жер металдары саласын дамытуға бағытталған жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу шеңберінде 12 учаскеде іздеу жұмыстары жалғасуда.

Бүгінгі күні қорлары шамамен 800 мың тоннаға бағаланатын Күйректікөл учаскесінің перспективалылығы туралы деректер бар, ал сирек кездесетін металдардың, оның ішінде церий мен лантанидтердің 935,4 мың тонна мөлшеріндегі болжамды ресурстары бар.

Айта кетсек,қолданыстағы кен орындары бойынша келісімшарттардың кейбірі 2024-2025 жылдары аяқталады. 2024 жылы келісімшарты аяқталғандардың бірқатары электронды аукционға шығарылып үлгерді. Бұған дейін бұл ретте үлестік меншікке ие болғандардың басым бөлігі қытайлық компаниялар екенін жазған болатынбыз.


Рекомендовать
Последние новости