Шерзат Болаттың ағасы мерт болар алдында хат жазып кеткен (фото)

Көркем Алдабергенова 09 дек. 2024 10:50 232108

Талғардағы жаппай төбелес кезінде қаза тапқан Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев көз жұмарының алдында хат жазған, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы облысының Полиция департаментінің мәліметінше, алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылып, өз-өзіне қол жұмсаған.

Марқұм ағымдағы жылдың 4 қазанында қайғылы қаза тапқан кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың ағасы екені анықталды.

Тергеу барысында марқұм туыстарының біріне өзіне-өзі қол жұмсау туралы мессенджерде жіберген жазбасы анықталды. Хабарламада ол туысқандарымен қоштасып, жиенінің жанына жерлеуді сұрады.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Бұған дейін Талғардағы жаппай төбелес кезінде қаза тапқан Шерзат Болат тарапының адвокаты Саида Тәуекелова жасөспірімнің ағасының өлі табылуына қатысты мәлімдеме жасаған болатын. 

Саида Тәуекелова марқұмның ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев көз жұмғанын растады. "Чемодан госсекретов" телеграм-арнасында “Шерзат Болаттың ағасы төбелес кезінде қаруды бірінші алып шыққан, сол үшін өзін айыпты сезініп, өз-өзіне қол салған” деген ақпарат тараған.

"Марқұмның тергеу барысында берген жауаптарынан оның қатты қобалжығанын, інісінің өліміне өзін кінәлі деп санағанын байқауға болады. Суицид жасауының да себебі сол болуы мүмкін", делінген телеграмдағы жазбада. 

Адвокат Тәуекелова бұл нұсқаны жоққа шығарды.

Полиция да Нұрқанат Ғайыпбаевтың мерт болғанын растады

Алматы облыстық полиция департаменті мәліметінше, Талғар қаласының маңынан 30 жастағы ер адамның денесі табылған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылып, өз-өзіне қол жұмсаған.

"Марқұм биыл 4 қазанда қайғылы жағдайда қаза тапқан кәмелетке толмаған Шерзат Болаттың ағасы екені анықталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір барлық жағдайды анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық сипаттағы қандай да бір белгілер анықталмады", - деп жазылған хабарламада.

Полиция марқұм Шерзат Болаттың отбасы барлық уақытта полицейлердің қорғауында болғанын мәлімдеді.

"Марқұмның отбасына қатысты қандай да бір қауіп-қатер тіркелген жоқ. Күзеткен қызметкерлердің сөзінше, ер адам күзетілетін нысаннан сағат 23:30-да шығып, жеке көлікпен кетке. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жарияланбайды", - деп жазылған хабарламада.

Полиция тек ресми дереккөздерге сенуді сұрады. Сондай-ақ, жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін кенін еске салды.

Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмды. Жанжал жігіттің отбасы жалға алатын дүкеннен басталған. Туыстарының айтуынша, дүкенге келген сатып алушы сыра алып, ақшасын төлеуден бас тартқан. Осы жағдайдан кейін төбелес басталған.

Кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазір күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Алматы облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Шалқаров төбелестен кейінқанша қару тәркіленгенін де айтты.

Одан кейін Шерзаттың үйіне күзет қойылды. Көп ұзамай марқұм Шерзаттың үйі өртенді.


Рекомендовать
Последние новости