Қазақстандықтардың жеке дерегі тарап кетсе, eGov-тан хабарлама келеді - министрлік

Сағыныш Сардарова 17 июн. 2025 10:51

Қазақстандықтардың жеке дерегі тарап кетсе, eGov-тан хабарлама келеді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Алғашқы талдау жұмыстары бұл деректер мемлекеттік емес, жекеменшік жүйелерден алынуы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Мемлекеттік жүйелерден жеке деректер тараған жоқ, хакерлік шабуылдар салдарынан ақау да тіркелген жоқ", - деді министрлік өкілдері.

Ведомство мәліметінше, тексеріс толық аяқталғанға дейін қандай да бір қорытынды жасауға ерте.

"Азаматтың жеке деректері тарап кеткен мәліметтер арасында болса, бұл туралы электрон үкімет порталы (eGov) арқылы жеке кабинетіне хабарлама жолданады", - деп жазылған мәліметте.

Айта кетейік, 16 миллионнан аса жазба тарап кеткен. Бұл көрсеткіш ел халқының басым бөлігін қамтиды. Тарап кеткен деректерде тұрғындардың тегі, аты, әкесінің аты, жынысы, туған күні, ЖСН, мекен жайы, телефон нөмірлері (ұялы, үй және жұмыс телефондары), азаматтығы, ұлты және басқа мәліметтер кездеседі.


Рекомендовать
Последние новости