2025 жылдың шілде айында қазақстандықтар мейрамдар мен демалыс күндерін қосқанда 9 күн демалады,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Биыл Астана күні жексенбіге түсіп тұр, сондықтан демалыс күні дүйсенбіге, 7 шілдеге ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтардың демалысы бір күнге ұзарады.
Бес күн жұмыс істейтіндер үшін:
-
5 шілде (сенбі) — демалыс күні;
-
6 шілде (жексенбі) — Астана күні;
-
7 шілде (дүйсенбі) — ауыстырылған демалыс күні;
Алты күн жұмыс істейтіндер үшін:
-
5 шілде (сенбі) — жұмыс күні;
-
6 шілде (жексенбі) — Астана күні;
-
7 шілде (дүйсенбі) — демалыс күні.
Шілде айында ресми демалыс күндері болмаса да, бірқатар кәсіби мереке бар. Атап айтқанда:
-
2 шілде – Дипломатиялық қызмет күні;
-
6 шілде (айдың бірінші жексенбісі) – Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні;
-
9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлерінің күні;
-
10 шілде – Ветеринария қызметкерлерінің күні;
-
13 шілде – Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органдарының күні;
-
13 шілде (айдың екінші жексенбісі) – Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні;
-
14 шілде – Нотариат күні;
-
20 шілде (айдың үшінші жексенбісі) – Металлург күні;
-
27 шілде (айдың төртінші жексенбісі) – Сауда қызметкерлерінің күні.