Жаңа көлік министрі тағайындалды

Сағыныш Сардарова 30 июн. 2025 09:56

Нұрлан Сауранбаев Қазақстан Республикасының көлік министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының көлік министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы Жамбылда дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Мұнай өнеркәсібін оқыту орталығын (Италия) бітірген. Мамандығы бойынша экономист, мұнай әкімшілендіру магистрі.

  • Еңбек жолын 1991 жылы жеке коммерциялық компанияның басшысы болып бастаған, онда 1997 жылға дейін жұмыс істеді.
  • 1997-1998 жж. - ҚР Кәсіпкерлер конгресінің атқарушы директоры.
  • 1998-2000 жж. - "Қазақстан темір жолы" РМК департаментінің директоры.
  • 2000-2002 жж. - "Қазақойл" ҰМК" ЖАҚ "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ААҚ-ның бірінші вице-президенті; бас менеджері, қайта құру жобасын басқару тобының жетекшісі.
  • 2002-2004 жж. - "ҚазМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ Инжинирингтік және сервистік жобалар департаментінің директоры.
  • 2004-2007 жж. - "ТеңізСервис" ЖШС бас директоры.
  • 2007-2020 жж. - "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарушы директоры.
  • 2010-2011 жж. - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы орынбасарының кеңесшісі; басқарушы директоры.
  • 2011-2014 жж. - индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі.
  • 2014-2016 жж. - қорғаныс министрінің орынбасары.
  • 2016-2017 жж. - ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетінің басшысы.
  • 2017-2018 жж. - Шымкент қаласының әкімі.
  • 2019-2021 жж. Президент әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болды.
  • 2021 жылы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

 


Рекомендовать
Последние новости