Назарбаев университетіндегі тосын оқиға: министр пікір білдірді

Сағыныш Сардарова 27 июн. 2025 15:41

Назарбаев университеті жатақханасынан өлі табылған студент қыздың оқиғасына байланысты ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек түсініктеме берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, бұл оқиға бойынша тергеу Қылмыстық кодекстің 105-бабы - "Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу" бойынша жүргізіліп жатыр.

"Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес тергеу барысында ақпарат жарияланбайды. Біз полициямен бірлесе жұмыс істеп жатқанымызды ғана растай аламыз", - деді Саясат Нұрбек.

Журналистер бұл жағдай студенттер арасындағы жанжалдың салдары болуы мүмкін бе деп сұрағанда, министр нақты жауап беруден бас тартты:

"Қосымша ақпаратты Полиция департаменті береді деп келісілген. Сондықтан бұл жөнінде әзірге ештеңе айта алмаймыз", - деп қысқа қайырды ол.

Еске салайық, 18 маусымда Назарбаев университетінің студенті жатақханадан өлі табылған еді. Университет әкімшілігі марқұмның отбасына және жақындарына көңіл айтты.


Рекомендовать
Последние новости