Қазақстандық шаруа Геннадий Зенченко қайтыс болды

Dalanews 18 дек. 2016 10:03 985

Қазақстандық шаруа Геннадий Зенченко 79 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі. Шаруа қызметкерінің бүгін қайтыс болғаны белгілі болды. Айта кетейік, жерлеу рәсімі Новоникольск ауылында өтеді.

Геннадий Иванович Зенченко - "Зенченко и К" серіктестігінің бас директоры қызметін атқарды. Қазақстан Республикасының Еңбек ері атанған, сондай-ақ, Геннадий Иванович Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы атағына ие болған.



Еске сала кетейік, осыған дейін 15 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық шаруа Геннадий Зенченконың жазған екі хаты жайлы айтып берген болатын. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл хаттарда қазақстандықтардың Тәуелсіздіктің 25 жылында қалай өмір сүргені көрсетілген.

 

Рекомендовать
Последние новости