Алдағы жылы зейнетақы мен жәрдемақы қаншалықты көбейеді?

Dalanews 18 дек. 2016 10:18 882

Бала туу көрсеткішінің 20 %-ға өсуіне байланысты елбасы 2017 жылы зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін көбейтуді тапсырды.

Зейнеткерлер мен көпбалалы аналардың келер жылы қанша теңге алатынын санап шықтық.

Бала туу көрсеткішіне орай 2016 жылғы мемлекеттік жәрдемақының көлемі 66 621 теңгені құраған. Егер обасында төртінші немесе одан да көп бала дүниеге келсе, онда анасына 111 035 теңге төленіп келді.

Ал 2017 жылы аналар әрбір сәби үшін 79 945 теңге және төртінші және одан кейінгі балаларға 133 242 теңге алатын болады.

2016 жылғы зейнетақының ең төменгі мөлшері 25 824 тенгені құраса, мемлекеттік базалық зейнетақы көлемі 11 965 теңге болған.

Елбасының тапсырмасы бойынша, 2017 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 30 988 теңге, мемлекеттік базалық төлем 14 358 теңге болмақ.

Естеріңізде болса, елбасы тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы көлемін 2017 жылдан бастап жиырма пайызға көтеруді тапсырды. Сондай-ақ, 5 желтоқсан күні 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойған болатын.

Рекомендовать
Последние новости