Ләйлә Сұлтанқызы құрбысы Гүлнұр Оразымбетованы жаңа бейнебаяны үшін сынап тастады

Dalanews 18 дек. 2016 09:51 931

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы құрбысы Гүлнұр Оразымбетованы жаңа бейнебаяны үшін сынап тастады. Сұлтанқызы «Көкке өрле» әнін басқа әншілердің орындауынан естігенін айтып, әншіге мін тақты, деп хабарлайды Stan.kz.

«Гүлнұр, бұл қалай сонда, мына әннен басқа ән таппадың ба? Әдемі ән, бірақ та басқа әншілердің орындауындада естідім ғой?» – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары тележүргізушінің бұл әрекетін түсінбей қалды. Көпшілік Сұлтанқызының мұндай жазба қалдыруы мүмкін емес, оның парақшасын әлдебіреулер бұзып алған деп топшылады. Дегенмен де бұдан кейін де Ләйлә Сұлтанқызының бірнеше жазба жасағанын ескерсек, құрбысына елдің көзінше сын айтқан тележүргізушінің өзі деуден басқа амалымыз жоқ.

«Жазған Ләйлә емес деп ойлаймын», «Керемет шыққан ән», «Керемет шыққан, барлық авторлық құқық қорғалған. Акопянның өзі Гүлнұрға сәттілік тілеп, рұқсатын берген», «Пиарды жібереді екенсіз Ләйлә», – деп пікір білдірді.

Айта кетейік, Гүлнұр Оразымбетова тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай патриоттық «Көкке өрле» бейнебаянын тарту еткен болатын.

Рекомендовать
Последние новости