Қазақстандық футболшылар 70 мың долларға дейін жалақы алады

Dalanews 07 сент. 2016 04:52 834

"Астана" футбол клубының бас бапкері Станимир Стойлов қазақстандық футболшылардың жалақылары туралы айтып берді. Болгарлық журналистерге сұхбат берген маман Қазақстандағы футбол шығындарын айтып, өз отандастырының жағасын ұстатты деп хабарлайды nur.kz сайты.

"Қазақстандық клубтардың бюджеті болгарлық клубтарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, Қазақстан шалғайда орналасқан ел. Қомақты қаражатсыз жақсы ойыншыларды ол жаққа тарта алмайсың. Ешкім Қазақстанға барғысы келмейді", - дейді С.Стойлов.

Оның айтуынша, ең үлкен жалақыны "Астана" мен "Қайрат" футбол клубтарының ойыншылары алады екен. Өзге командалардағы айлық-жалақылар шамамен деңгейлес.

"Шынымды айтсам, біздің клубтың ойыншылары қанша жалақы алатынын нақты білмеймін. Бірақ, жақсы ойыншылардың жалақылары жоғары, мысалы болгарлық "Лудогорец" клубындағыдай. Мұнда айлық-жалақы 20 мың доллардан басталып, 50-60 мың долларға дейін жетеді, тіпті, 70 мың алатындары да бар. Мен "Қайрат" пен "Астана" клубтары жайында айтып отырмын. Өзге командалардағы жалақы шамамен деңгейлес, 20-25 мың доллар көлемінде", - дейді болгарлық маман.

Оның айтуынша, қазақстандық клубтардың жалақыдан бөлек шығындары да тым үлкен көрінеді.

"Футболшылар өте көп сапарға шығады, ұшақпен көп ұшады. Жанармай шығыны орасан. Мәселен, "Астананың" Лиссабонға ұшып баруы шамамен 500 мың долларды құрады. Осылай. 4 күн сонда болдық, 9 сағат әуеде ұштық. Қонақ үй мен өзге де шығындар бөлек төленеді. Ішкі чемпионатта да барлық ойындарға ұшақпен баруға мәжбүрміз, қалалардың арасы тым шалғай. Әрбір қалаға барып-келуің 2-3 күн уақытты алады, шығын үлкен. Оның үстіне, Қазақстандағы футболшылардың 90 пайызы Adidas киімдерімен ойнаса, қалған 10 пайызы Nike брендін таңдаған. Міне, тек киім үшін әр клуб 200-300 мың еуроға шығындалады", - деп атап өтті Стойлов «7 дни спорт» порталына берген сұхбатында.

Маманның айтуынша, "Астана" футбол клубының жылдық бюджеті 30 миллион долларды құрайды екен. Бұл қаржының көп бөлігі жол шығындарына кетеді. Сондай-ақ, алматылық "Қайраттың" да жылдық бюджеті осы шамалас. Ал, ел чемпионатындағы өзге клубтар бір жылда 10-20 миллион доллар арасында шығындалады.

 

 

Рекомендовать
Последние новости