Қазақстандағы пайдалы қазбалар қоры қанша жылға жетеді?

Қаракөз Амантай 12 дек. 2024 16:39 788

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров Қазақстандағы пайдалы қазбалар қорына байланысты ақпарат берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Айтуынша, еліміздегі кейбір кен орындары ұзақ жылдар бойы игеріліп келеді. Сондықтан олар таусылуға жақын.

“Мәселен, алтын қоры шамамен 20 жылға, мыс қоры 40 жылға жетеді. Жалпы алғанда, еліміздегі жағдай тұрақты. Көптеген пайдалы қазбалардың қоры 40 жылға жеткілікті. Дегенмен кейбір кен орындарында геологиялық және техникалық қиындықтарға байланысты қор 10, тіпті 5 жылға ғана жетуі мүмкін. Қазақстан бойынша орташа есеппен пайдалы қазбалармен қамтамасыз ету деңгейі 20 жылды құрайды,” – деп жауап қатты Ақбаров журналистер қойған сұраққа.


Рекомендовать
Последние новости