Қазақстанда заңсыз жұмыс істеп келген Қытай азаматтарына айыппұл салынды

Қаракөз Амантай 03 сент. 2024 17:21 2387

Алматы облысының Қарасай әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қытай Халық Республикасының 24 азаматына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сотта анықталғандай, шетелдіктер Қазақстан аумағына кіріп, уәкілетті органнан еңбек қызметін іске асыруға рұқсатты алмастан Алматы облысында орналасқан кірпіш зауытында кірпіш шығару жұмыстарын заңсыз жасап жүрген.

Шетелдіктер заңды білмегендіктен, аталған жұмысқа рұқсат қағазын алмағандарын айтқан.

"26-27 тамыз аралығында сот қаулысымен Қытай Халық Республикасының 24 азаматы Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, олардың бұндай құқықбұзушылықты бірінші рет жасағаны және жасаған істеріне өкінгендері ескеріліп, әр құқықбұзушыға әкімшілік жаза ретінде 25 айлық есептік көрсеткіш, яғни 92мың 300 теңге айыппұл салынды", – делінген сот хабарламасында.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.


Рекомендовать
Последние новости