Жолдау Қазақстанды құқықтық тұрғыдан қауіпсіз елге айналдыруды көксейді – сарапшы

Dalanews 03 сент. 2024 10:59 12581

Күні кеше ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халықана арнаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деп аталатын Жолдауын жария етті. Президент Жолдауы жыл сайын атқаратын маңызды міндеттерді айқындап, Үкіметтің жұмысын бағдарлайтын негізігі құжат.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің басқару міндетін мойына алған күннен бастап «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасын ұсының қоғамының қай саласында болмасын әділетті қарым-қатынасты орнатып, мемлекетімізді нығайтуды көздеген болатын.

Сондықтан «Әділетті Қазақстанды» құру жолындағы іс-шаралар Жолдауларда жан-жақты көрініс табуы заңдылық деп есептейміз. Осы ретте Dalanews.kz ақпараттық агенттігі тілшілері елімізде әділетті қоғам құру ісі жаңа Жолдауда қалай көрініс тапқанын ҚР Президенті жанындағы Парламентаризм институтының сарапшысы Нұртай Иманғалиевтен сұрап көрген еді. Енді білікті маманның ой-пікіріне назар аударсаңыздар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында елімізде әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан іргелі өзгерістердің орын алып жатқанын тілге тиек етті. Мұны халық та көріп, біліп отыр.

Өз басым осы бағыттағы жұмыстар «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасын нығайтуға бағыттылған кешкенді іс-шаралар деп айтуға болады. Осы ретте қазір мемлекеттік деңгейде атқарылып жатқан жұмыстарды басым бөлігі елімізде әділетті қоғам құруға бағыттылғаны белгілі.

Кез келеген салада әділетті қарым-қатынастар салтанат құрған жағдайда Қазақстан дүниежүзіндегі озық елдердің қатарынан қосылатынын естен шығармауымыз керек.

Күні кешегі Жолдауында Президетіміз алдағы уақытта Қазақстан құқықтық тұрғыдан қауіпсіз елге айналдыру басым бағыт екенін қадам тұрып айтты. Бүгінде Қазақстан жайлы ел екені белгілі. Егер президент айтқандай – құқықтық тұрғыдан қауіпсіз елге айналса, бізді көптеген игіліктер мен даму күтіп тұрғанын әрбір азамат сезінуі тиіс.

Құқықтық тұрғыдан қауіпсіз, заң үстемді салтанат құрған елде экономика дамып, қыруар инвестиция тартылтатынын ешқашан естен шығармауымыз керек. Сол сияқты адым құқының қорғалуы да, құқықтық қауіпсіз елдің ажырамас бөлшегі десек болады.

Өз басым Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстанды құқықтық тұрғыдан қауіпсіз елге айналдырудың өзегінде «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасын дамытудың жарқын үлгі жатыр.

Бұл мақсатқа жету үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Ішкі істер органдарына азаматтардың құқықтық қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар министрлікке елімізде құқық бұзушылықтың алдын алатын заң нормасын дайындап, Парламент қарауына ұсынуды тапсырды. Сөз жоқ, бұл бір министрлік атақарып тастайындай оңай шаруа емес, Мемлекет басшысы осы заңды әзірлеуге тұтас мемлекеттік аппарат пен қоғамдық ұйымдар қатысып, тізе қосып жұмыс істеуі керек екенін ескертті.

Егер бұл заңды тек Ішкі істер министрлігіне әзірлесе, ол жазлау нормалары күшейген бір жақты заң болуы мүмкін. Ал бұған өзге де мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар атсалысып үлес қосса, ел азаматтарының құқық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әмбебап заңға айналатыны сөзсіз.

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында көтерілге құқықтық қауіпсіздікті жетілдіруге қатысты ой-пайымдарын өз басым өткен күнмен және болашақпен байланысы бар маңызды бағдаршам деп бағаладым.

  


Рекомендовать
Последние новости