Қазақстанда тағы бір жаңа банк пайда болды

Кәмшат Тілеухан 12 авг. 2025 12:26

KMF микроқаржы ұйымы банктік лицензияға ие болды,деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жаңа банк "KMF Банк" АҚ атауына ие. Ол жеке тұлғаларға, өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға және кәсіпкерлерге қызмет көрсетуге баса назар аударады. Банктің бас кеңсесі Алматыда орналасқан. Осылайша KMF Қазақстандағы 23-ші банк болады.

Бұған дейін төрт микроқаржы ұйымдары банкке айналуға ниет білдірген болатын: BNK Finance Kazakhstan, "Онлайн ҚазҚаржы" (Solva брендімен), KMF және "Береке". Олардың барлығы қазірдің өзінде ЖШС–дан АҚ-ға өтіп үлгерген. BNK Finance Kazakhstan МҚҰ 2025 жылғы маусымда банк болды.

KMF қаржы есебіне сәйкес, компанияның жарғылық капиталындағы үлестің 60,435%-ы корпоративті меншік - "KMF-Демеу" қорына, 16,627% MultiConcept Fund Management S. A-ға, 9,585%  Legal Owner Triodos Funds B. V-ға, 7,085% - Triodos SICAV II, 6,226% басшылыққа және компания қызметкерлеріне, 0,042% - responsAbility SICAV (Lux) компаниясына тиесілі. Соңғы компанияның бақылаушысы - АҚШ-та тіркелген ACDI / VOCA коммерциялық емес ұйымы. Ол "KMF-Демеу" корпоративтік қорының жалғыз құрылтайшысы болып табылады. Микроқаржылық ұйым 1997 жылы USAID қолдауымен құрылды және бастапқыда "Қазақстандық қауымдастықтарды кредиттеу қоры" деген атауға ие еді. Кейінірек оның аты KMF МҚҰ болып өзгертілді.


Рекомендовать
Последние новости