Қазақстанда көпірлерді қадағалаудың жаңа жүйесі іске қосылды

Қаракөз Амантай 12 сент. 2025 11:29

Көлік министрлігі "Көпір құрылыстарының мониторинг жүйесі" атты ведомстволық ережелер жинағын әзірлеп, бекітті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Құжат алғаш рет көпірлердің, жол өткелдерінің, эстакадалар мен виадуктардың техникалық жай-күйін қадағалайтын жүйелерді орнату мен пайдалануға қатысты талаптарды нормативтік деңгейде бекітті.

Мониторинг жүйесі құрылыстардың нақты жағдайын тіркеп, климаттық әсерді және көліктен түсетін шектен тыс жүктемелерді ескеретін болады.

"ҚазжолҒЗИ" дерегінше, бүгінде Қазақстанда 3 500-ден астам көпір пайдаланылып жатыр, олардың көбі қызмет ету мерзімінің соңына таяған.

"Мониторинг жүйесін енгізу бізге нақты деректерге сүйене отырып шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл елдің бүкіл көлік желісінің сенімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам", – деп атап өтті институт өкілдері.

Бұған дейін ғалымдар мобильді диагностикалық технологияларды енгізген еді. Олар жасырын ақауларды арнайы техникасыз және қозғалысты тоқтатпай-ақ анықтауға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде өңірлерде жаңа буын өлшеу кешендері қолданылып, ықтимал зақымдарды орнында тіркеу мүмкіндігі іске асырылуда.

Сарапшылардың бағалауынша, жаңа ережелерді енгізу нысандарды күтіп ұстауға кететін шығынды азайтып, жол саласының жалпы қауіпсіздік деңгейін көтереді.


Рекомендовать
Последние новости