Қазақстанда бала күтіміне төленетін жәрдемақы өседі

Dalanews 03 февр. 2020 07:47 827

Министрліктің мәліметінше, бүгінде елімізде 387 мыңға жуық ана бала күтіміне төленетін жәрдемақы алады.

Біз 1 жасқа дейін төленетін бала күтімі бойынша жәрдемақыны көбейту мәселесін көтергіміз келеді, деп мәлімдеді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов үкіметтегі баспасөз жиынында, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

- Біз Еңбек министрлігінде 1 жылға дейін төленетін бала күтімі бойынша жәрдемақыны көбейту мәселесін көтергіміз келеді. Әзірге 1,5 жылға немесе 3 жылға дейін төлеу жағын қарастырып отырмыз. Бұл қисынды болар еді, - деді Нұрымбетов.

Оның сөзінше, бүгінде елімізде 387 мыңға жуық ана бала күтіміне төленетін жәрдемақы алады, оның көп бөлігі ай сайын 15-тен 24 мыңға дейін әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен алады.


- Сондықтан біз бұл мәселелерді саралау үстіндеміз және осындай бастама көтермекпіз. Сондай-ақ, біз мүгедектік бойынша берілетін жәрдемақыны да жалпы қайта қарастырғымыз келеді, - деді министр.

Оның айтуынша, ерекше қолдауды қажет ететін бұл санатқа жататын адамдар көмекке зәру.

- Біз мүгедек балаларды күтуге жәрдемақы төлеу мәселесін көтергіміз келеді, қазір бізде мүгедек баланы күтуге ата-анасы немесе қамқоршыларына, сондай-ақ бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге жәрдемақы көзделген.

Бала кезінен емес, кейін мүгедек болған ересек адамдар да күтімді қажет етеді, сондықтан қосымша жәрдемақы енгізу дұрыс және қисынды болар еді.


Мұның бәрі министрліктің жоспары. Ұсыныстар үкіметтің немесе атқарушы органдардың бекітуіне әлі енгізілген жоқ, - деп түсіндірді Нұрымбетов.

Рекомендовать
Последние новости