Қытаймен әуе қатынасы тоқтады

Dalanews 03 февр. 2020 06:48 848

Бүгіннен бастап Қазақстан мен Қытай арасында әуе тасымалы уақытша тоқтатылды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, бұл жағдай ҚХР-да жаппай коронавирус індетінің таралуына байланысты екен. Екі ел арасындағы әуе байланысы қашанға дейін тоқтатылғаны әзірге белгісіз.

Министрліктің мәлімдеуінше, 27 қаңтардан бастап Алматы - Нұр-Жолы - Үрімші, Өскемен - Майқапшағай - Үрімші, Жаркент - Қорғас - Құлжа, Аягөз - Бақты - Зимұнай бағытындағы автобус қатынасы тоқталыған. Ал 1-ақпаннан бастап әуе тасымалымен бірге Қытайға бағытталған жолаушылар пойыздары да тоқтатылыпты.

Бұған дейін ҚХР-да жарияланған карантинге байланысты Ухань қаласынан 83 қазақстандық азаматтар мен армениялық, қырғыз мен беларусиялық 24 азамат эвакуацияланған еді.


Қазақстаннан Қытайға Нұр-Сұлтан және Алматы мен Бейжің, Үрімші, Сиань, Санья, Хайкео қалаларының арасында отандық Air Astana, SCAT және қытайлық  China Southern Airlines, Air China әуе тасымалдаушылары қатынайтын еді.

Министрлік өкілдері 2020 жылдың 3 ақпанынан кейін Қытайға сапар шекпекші болып, әуе билетін сатып алған тұрғындарға оны кері қайтару қажет деп айтты.

"Билет сатып алуға кеткен сома айыппұлдық санкциясыз толығымен қайтарылатын болады", - делінген ресми хабарламада.

 

Рекомендовать
Последние новости