Қазақстанда 7 пайыздық ипотеканың қашан іске қосылатыны белгілі болды

Қаракөз Амантай 02 апр. 2024 14:12 1742

Идустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев 7 пайыздық жаңа тұрғын үй бағдарламасының шарты 1 мамырда жарияланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Айтуынша, бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында «Отбасы банкі» 300 миллиард теңге тартуда.

"Бұл – бағдарламаның жалпы сомасы. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін мөлшерлеме 7 пайыздан аспайды. 1 мамырда біз бағдарламаның барлық шарттарын толықтай хабарлаймыз. Бағдарлама 1 мамырдан басталады", - деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында.

Осы тұста, министр «Отбасы банкі» ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқанын және ипотекалық несиелерді таратуда өзін жақсы көрсете білгенін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарламаның іске қосылатыны хабарланған болатын. Бағдарлама аясында 12 мың мұқтаж отбасы баспанамен қамтамасыз етілуі мүмкін.


Рекомендовать
Последние новости